Қызылорда

Қызылорда облысы білім басқармасына қарасты аудан, қалалық мектептер

Облыс бойынша жалпы білім беретін 290 (247 орта, 26 негізгі, 17 бастауыш) мектеп жұмыс жасайды. Оқыту тілі бойынша 259 қазақ тілінде, 4 орыс тілінде, 27 аралас тілде оқытатын мектеп бар.
Жалпы білім беретін мектептерде бала саны 125729.
Барлық жалпы білім беретін мектептің 7-і үш ауысымда оқитын мектеп. 237 мектеп 2 ауысымда, 46 мектеп 1 ауысымда оқыса, 32 мектеп апаттық мектептер қатарында. Алайда берілген құрылыстар есебінен апаттық мектептер мен 3 ауысымда оқитын мектептер қатары азаюда.

  • 2010 жылы апаттық мектептер мен 3 ауысымда оқитын мектептердің мәселесін шешу жолдары қарастырылып,  тізім арқылы кезекке қойылып шешілуде. 2012-2013 оқу жылында жаңа тұрпатта 25 мектеп-лицейлер мен мектеп-гимназия жұмыс жасауда. (оның 17-і мектеп-лицей, 8-і мектеп-гимназия)
  • Облыс бойынша 37 мектепте ағылшын тілін ерте жастан (1 сыныптан) 85 сыныпта 2053 оқушы оқытуда.
  • №2 «Мұрагер» мамандандырылған  мектепте биология, география пәндері ағылшын тілінде оқытылуда.
  • №№9,10 қазақ- түрік лицейлерінде жаратылыстану бағытындағы негізгі пәндер ағылшын тілінде оқытылуда.
  • 290 жалпы білім беретін мектептің 284-і интернет желісіне қосылған. Ол 97,9 пайызды құрайды.
  • XXI  ғасыр — ақпараттандыру ғасыры Қызылорда облыстық білім беру жүйесінде инновациялық жаңалықтары  ҚР «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында пилоттық жоба ретінде басталып, Қызылорда облысы бойынша 2012 жылы электрондық оқыту жүйесін ендіру 30 білім беру ұйымында жүргізілді. 2013 жылы 31 білім беру ұйымына жүргізілетін болады.

Аталған білім беру ұйымдарында қазіргі уақытта жергілікті есептеу желісі толық жүргізіліп, 4-10 Мб/с жоғары жылдамдықты интернет қызметімен қамтамасыз етілуде.

  • Қазақ-түрік лицейлерінде — IPAD электронды құралымен кабинет жабдықталып IPAD технологиясы сабаққа енгізілді.

Читать далее

Есептегіштер

Хостинг для Wordpress сайтов